+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Биыл елімізде түрлі әдіс-айла арқылы бюджеттен 360 млрд теңге жымқырылған

2020 жылғы 16 қазан 13:50
Бөлісіңіз:
Биыл елімізде түрлі әдіс-айла арқылы бюджеттен 360 млрд теңге жымқырылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі комитетінде «көлеңкелі» экономикамен күрес бойынша 2020 жылғы 9 айындағы жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының экономикалық тергеу қызметін қайта бағыттау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жедел-алдын алу шараларының кешені ұйымдастырылды.

Прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, шот-фактураларды жалған жазып беру мен ақша қаражатын қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырумен күреске бағытталған «STOP-ОБНАЛ» жедел-алдын алу шарасы жүзеге асырылуда.

Талдау арқылы жалған шот-фактураларды жазып беру мен криминалдық қолма-қол ақшамен айналысатын 60-тан астам ықтимал қылмыстық топ анықталды.

Олар 1 200-ден астам бақыланатын компания құрды, олардың қаржылық айналымы 2 триллион теңгеден асты. Соңғы бес жылда алғаш рет қолма-қол ақшаны алу деңгейі 39% азайғанын атап өткен жөн.

Жалпы, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактілері бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтауға бағытталған «Қазына» жедел-алдын алу шарасы өткілізуде.

Жылдың басынан бюджеттік және квазимемлекеттік қаражатты жымқыру белгілері бар 200-ден астам сызба анықталды. Олар бюджеттен 360 млрд теңгеден астам қаражатты аударған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT