Биыл елімізде шаруаларға субсидия беру тәртібі өзгерді - А. Мырзахметов

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл елімізде жайылымдық жер көлемін 63 млн. гектарға жеткізу үшін 700 құдық қазылады. Оның 112-сі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі болмақ. Елбасы Жолдауында айтылған аграрлық секторды дамыту тапсырмасын орындау үшін осындай шаралар қолға алынады. Бұл туралы өңірге арнайы іс-сапармен келген ҚР вице-премьері, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Облыс тұрғындарымен кездескен Асқар Мырзахметов сонымен қатар, субсидия беру тәртібінің өзгеруіне байланысты енді 11 бағыт бойынша мемлекеттік қаржы беру тоқтатылатынын атап өтті.  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын қалыптастыру - биылғы Жолдау жолындағы жауапты міндеттердің бірі.  Игі істен  ешбір сала қалыс қалмауы тиіс.  Негізгі құжаттамасы қағаз жүзінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы министрлігі де жаңашылдыққа бой үйретудің жолдарын қарастыруда. Қазір тиісті ведомства субсидия берудің екі бағытын ғана электронды жүйеде іске асырса, көп ұзамай құжат рәсімдеу түгелдей заманауи форматқа көшеді», -деді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, күні бүгінге дейін қазақстандық шаруалар өз кәсібін өрге домалату үшін 54 бағыт бойынша субсидия алып келді. Бірақ, бұдан былай, елімізде субсидия беру тәртібі өзгеріп жатыр.
null  

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы елімізде 150 кооператив құрылған. Биыл бұл көрсеткіш екі еселенуі тиіс. Ол үшін мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктердің де көлемі артқан. Бірігудің тиімді екеніне де  енді көз жетеді.

Сондай-ақ Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіп саласын дамыту барысына да тоқталды. Агроөнеркәсіп - ел дамуының драйвері. Бұл сала өндірісін әртараптандыру арқылы елімізге 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40 пайызға көбейту  маңызды. Вице-премьер аудиторияға ауқымды жоспарды таныстырды.  Кейінгі кездесу Елбасы Жолдауы жолындағы мол мүмкіндіктің иелері - кәсіпкерлермен өрбіді.
null  

Соңғы жаңалықтар