USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Биыл елімізде өрттен қанша адам зардап шекті

2021 жылғы 6 желтоқсан 18:00
Бөлісіңіз:
Биыл елімізде өрттен қанша адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 8 662 өрт тіркелді. Бұл туралы Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі төтенше жағдайлар мен оқиғалардың басым көпшілігі- өрттер (тұрмыстық, өндірістік, орман дала). Бұл өз кезегінде адамдардың өміріне және ел экономикасының дамуына қауіп төндіреді, сондай-ақ болып жатқан барлық төтенше жағдайдың 89%-ын құрайды. Қабылданған шараларға және соңғы жылдары олардың төмендеу үрдісіне қарамастан, өрттердің саны әлі де елеулі болып қалуда. Биыл 8 662 өрт тіркелді, онда 335 адам зардап шекті, 280 адам қаза тапты. Өрт кезіндегі өлім себептері: жоғары температура-83, жану өнімдерінің әсерінен-176, газ жарылыстарынан-13, құрылыс конструкцияларының құлауынан- 3», - деді Ю. Ильин.

Оның айтуынша, өрттердің көпшілігі қалалар мен ірі елді мекендерге тиесілі, оларға бүгінде тек 416 өрт сөндіру депосы қызмет көрсетеді. Олардың жартысы 50-70-ші жылдары салынған, 271 ғимарат бейімделген, ал 23-і жалға алынған ғимараттарда орналасқан, 20 ғимарат авариялық жағдайда.

«Қалалар мен елді мекендерді тиісті өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру үшін (5 мың және одан да көп халқы бар) бірінші кезектегі тәртіппен 127 өрт сөндіру депосының қосымша құрылысы талап етіледі (соның ішінде 65 - қалалық жерлерде, 62 - ауылды елді мекендерде)», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT