Биыл елімізде мол астық жинауға мүмкіндік бар – министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осы жылы елімізде мол астық жинауға мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл егіс алқаптарында ылғалдылықты сақтау бойынша жұмыстар дер кезінде атқарылды. Қазір егін егу науқаны қызу жүріп жатыр. Осы орайда астық шығымы жақсы деңгейде болады деген пікірдеміз. Сондықтан орташа жылдық астық жиналуы мүмкін», - деді Е. Қарашөкеев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда Ауыл шаруашылығы министрі осы жылы мол астық жинау мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Жақсы өнім алу бағытында қазір егін егу жұмыстарын белгіленген агротехникалық мерзімде тезірек аяқтау үшін барлығын жасап жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ербол Қарашөкеев биыл жем-шөп тапшылығы болмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, былтыр 23 млн гектарға егін егілген еді. Нәтижесінде 21,6 млн тонна астық бастырылды.


Соңғы жаңалықтар