Биыл елімізде  көмір тасымалы артты
2022 жылғы 7 тамыз 23:08

Биыл елімізде көмір тасымалы артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жеті айда Қазақстанда теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың қаңтар-шілде айларында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүк тиеу 147,6 млн тоннаны құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,1 пайызға артық болды. Ішкі тасымал көлемі 2,7 пайызға, яғни 97,8 млн тоннаға дейін өсті. Экспорт бағытындағы тасымал 49,7 млн тонна жүкті құрады», - делінген аталған компания мәліметінде.

Осы жылғы 7 ай қорытындысы бойынша тиелген тас көмір 62 млн тонна жетіп, бұл былтырғы деңгейінен 4,6 пайызға жоғары болды. Оның ішінде ел ішінде 42,4 млн тонна жөнелтілді.Қатты отын экспорты 12,2 пайызға, 19,7 млн тоннаға дейін өсті.

«Ал Астық тасымалдау көлемі 4,9 млн тонна деңгейінде, оның ішінде экспортқа 3,7 млн тоннасы жөнелтілді», - деп аталып өткен хабарламада.

Осы кезеңде химия тыңайтқыштарын тасымалдау 7 пайызға (2,4 млн тонна), мұнай саласындағы жүктерді тасымалдау 4,1 пайызға (10,5 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін тасымалдау 1 пайызға (8,8 млн тонна) ұлғайды. Темір және марганец кендерін тиеу 12 млн тоннаны, түсті кен тиеу 13 млн тоннаны құрады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT