Биыл елімізде 70 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 70 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады», - деді - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Яғни, жоғары жалақы коэффициенті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу қолға алынады.
«Бұл іс-шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған», - деді Шолпан Каринова.

Соңғы жаңалықтар