Биыл елімізде 49 шақырымдық бөген жөнделіп, қайта салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ел аумағындағы 49 шақырымды құрайтын су бөгені қайта салынып, жөнделді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша өңір әкімдіктері және мемлекеттік құзырлы органдармен бірлесіп жол картасын іске асырып жатырмыз. Бұл өз кезегінде су басу қаупі бар елді мекендер санын 998-ден 370-нен азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында биыл 49 шақырымдық бөген салынды және жөнделді. Және 47 шақырымды құрайтын өзен арналарына бекет қойылды. Осы аталған шаралар материалдық шығынды едәуір қысқартуға, инфрақұрылым мен тұрғын үйді су тасқынынан сақтауға мүмкіндік береді. Биыл көктемде еліміздің 5 елді мекенінде 49 тұрғын үйді су басты. Және 4 автожол учаскесін су шайып кетті», - деді Ю. Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде алдағы көктемде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу бойынша дайындық жүріп жатыр.

«Еліміздің таулы аймақтарындағы мұздың қарқынды еруі төтенше жағдай немесе селдің болу қауіп төндіреді. Осы орайда «Қазселденқорғау» қауіпті учаскелерді селден қорғаудың жаңа технологияларын енгізе отырып, арнайы бақылау жүргізіп жатыр. Негізінен сел жүру қаупі Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары аумағына қатысты. Сонымен қатар сел қаупін алдын алу мақсатында жерүсті және жерасты тексерулер жүргізіледі. Қорғас, Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінің бассейндерінде автоматты мониторинг жүйесінің 31 станциясы жұмыс істейді. Олар жағдайды бағалауға және сел ошақтарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар