Биыл елімізде 30 мыңнан астам балаға жүзу үйретілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде балалардың судағы қауіпсіздігін қамту мақсатында оларды жүзуге үйрету қолға алынды. Биылғы шомылу маусымында еліміз бойынша 32 850 бала суда жүзуге үйретіліпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шомылу маусымында тұрғындар арасында 1 млн 139 мың 935 дана су қауіпсіздігі ережесі жазылған парақша таратылды. Одан бөлек, халықпен су қауіпсіздігі тақырыбына арналған 5 314 жиын өткізілді. Сонымен қатар біздің мамандар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 32 850 баланы жүзуге үйретті. Аталған жұмысқа 17 943 волонтер тартылды», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма басшысы Қанат Тұрысбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, басқарма басшысы қоғамдық орындарда болу қағидатын бұзу жайғдайы туралы айтты.

«Біздің министрлік ІІМ-мен, жергілікті атқарушы органдар және волонтерлермен бірлесіп 76 649 рейд және патруль жүргізді. Осы орайда қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу фактісі бойынша 4 788 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Және ортақ суды пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 5 781 адамға ескерту жасалып, 172 азаматқа айыппұл салынды», - дейді ол.

Бұған дейін Қ. Тұрысбаев балалардың суға кетуіне қатысты қайғылы оқиғалардың 82 пайызында ата-анасы қараусыз қалдырған деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар