Биыл елімізде 30 мың Hyundai көлігі құрастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 30 мың Hyundai көлігі құрастырылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машина жасау саласында өндіріс көлемі 20 пайызға өсті. Өсімге негізінен автомобиль жасау есебінен қол жеткізілді. Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы 7 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарып, көлемін 18 есеге арттырды. Жыл соңына дейін кәсіпорын 30 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отыр, оның 6 мыңнан астамы экспортқа шығарылады», - деді министр.

Сондай-ақ ол «ЗИКСТО» Акционерлік қоғамы мен «Қазақстан вагон жасау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрын тоқтап қалған өндірістерін іске қосу есебінен теміржол техникасы өндірісінің 49 пайызға өскенін айтты.

«Машина жасау саласындағы өсімінің тағы бір драйвері - ауыл шаруашылығы техникасы болды. Тракторлар мен комбайндар өндірісі 42 пайызға ұлғайды», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар