Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Биыл елімізде 28 874 баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы төрт айдың қортындысы бойынша машина жасау саласында 120,6% өсім болды. Түсті металлургияда оң динамика сақталып, өсім 3% болды. Қара металлургия бойынша нақты көлем индексі 102,7% құрады. Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 26,2%-ға артты. Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 4,9% өсті. Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға сұраныс артуына байланысты химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі артты. Өсім 11,2% құрады. Құрылыс материалдарының өндірісі 126,5% болды», - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, елімізде 28 874 баспана пайдалануға берілді.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш Алматы және Павлодар облыстарынан басқа 15 өңірде артты.

Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.


Соңғы жаңалықтар