Биыл елімізде 121 мыңнан астам балаға тегін ота жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге ота тегін жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 0-18 жас аралығындағы 121 161 балаға тегін ота жасалды», - деген жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі ҚазАқпарат сауалына.

Сондай-ақ, 72 бала отаны шетелде жасату мүмкіндігіне ие болған.

«Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы бұйрығына сәйкес 72 балаға шетелде ота жасауға жолдама берілді», - дейді ведомстводан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде нәресте өлімі көбейген.

Айтар болсақ, биыл 9 айда өлім-жітім 8,18%-ды құраса, өткен жылы аталған көрсеткіш - 7,92%.


Соңғы жаңалықтар