Биыл елімізде 10 мың шақырым жол жөнделді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 10 мың шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожол жобаларын іске асыру қорытындысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 10 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 3,6 мыңы республикалық маңызы бар жолдар:

- Талдықорған - Өскемен

- Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті - Қапшағай

- Ақтөбе – Атырау - Астрахань

- Қалбатау - Майқапшағай

- Үшарал - Достық

- Ұзынағаш - Отар

- Меркі - Бурылбайтал

- Қостанай – Денисовка», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, құрылыс маусымында жолдардағы жобаларға 200 мыңдай адам және 12 мыңға тарта жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

«Жыл қорытындысында жолдардың сапасын арттыра отырып, I және II санаттағы 2248 шақырым автожол пайдалануға берілді. Жақын маңдағы 120 елді мекенді қамтыған сенімді көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Ірі елді мекендер жанында 6 айналма жолы салынып, көлік және транзиттік тасымалдар көлемі 2,5 есе артты. Бұл ретте жол құрылысындағы қазақстандық қамту 90%-дан асты», делінген хабарламада.

Жол бойындағы сервисті дамыту үшін тиісті қызметтерді толық қамтитын 71 кешен іске қосылды. Олар: кемпингтер, мотельдер, жанармай құю стансалары, техникалық қызмет көрсету стансалары, тамақтанатын және сауда орындары және т.б.


Соңғы жаңалықтар