Биыл еліміз бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтардың сапалы және тиімді бағадағы баспанаға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Былтыр елімізде 15 млн шаршы метрді қамтитын 130 мыңнан астам тұрғын үй мен пәтер салынды. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 17 процентке артып, 2,9 трлн теңгеге жетті», - деді Р. Скляр Сенаттағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр жалпы құрылыс көлемінің индексі 109,4% құрады. Құрылыс салуда Маңғыстау (78,7%) және Қарағанды (94,4%) облысын қоспағанда, 18 өңірде оң динамика байқалады.


Соңғы жаңалықтар