Биыл елге оралатын қандастар солтүстіктегі 5 облысқа қоныстанады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанға қоныс аударған қандастардың қай өңірлерге табан тірейтіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында «Отандастар қорының» баспасөз қызметі мәлім етті.

Қор биыл қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы жайында арнайы бейнеролик дайындаған.

2022 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1499 адамға белгіленді.

Өңірлік квота облыстар арасында былай бөлінген:

Павлодар – 800, Қостанай – 150, Ақмола – 258, Шығыс Қазақстан – 162, Солтүстік Қазақстан – 129 адам.

Еске сала кетейік, қандас мәртебесін алғысы келетін елге жаңадан оралған азаматтардың құжаттарын қарау және қандас мәртебесін беру 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатынын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар