Биыл елдегі 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде елдегі үш мұнай өңдейтін зауыттың бәрі биыл жөндеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшерін өндірдік. Осындай көрсеткішке қол жеткізу Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыруға байланысты болды. Биыл барлық 3 мұнай өндеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін ескерсек, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болады деп болжанады», - деді министр.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов Шымкент мұнай өндеу зауытын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау басталатынын айтты.

«Биыл министрліктің негізгі міндеті – ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету. Экономиканың сапалы жанар-жағармайға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін биыл өндірісті жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін, келешекте жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», - деді ведомство басшысы.

Фото: brookings.edu


Соңғы жаңалықтар