+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Биыл егістік көлемі қанша

2020 жылғы 8 сәуір 15:55
Бөлісіңіз:
Биыл егістік көлемі қанша

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров биылғы көктемгі егіс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік көлемі 22,5 млн га құрайды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алаңы 15,2 млн га, соның ішінде бидайдың алаңы – 11,4 млн га құрайды» - деді Айдарбек Сапаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдарды өсіруге көшу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осылайша,майлы дақылдардың жоспарланған алаңы 3 млн га аумақты құрайды. Бұл ауқым өткен жылмен салыстырғанда 122 мың га-ға көп.

«Көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың алаңы 19 мың тонна, азықтық дақылдарың алаңдары 309 мың га өсімі қамтамасыз етіледі. Техникалық дақылдардың (қант қызылшасы, мақта, темекі) алаңы 132 мың га құрайды (18,6 мың га кем). Егіс алаңдарының құрылымын, ең алдымен, облыс әкімдіктеріне ішкі нарықтың қажеттілігіне қарай жеткіземіз. Мысалы, қақақұмықтың алаңының 30 мың га көбеюі жоспарланған. Бұл өзімізді осы дақылға деген қажеттілікке толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді ол.

Айдарбек Сапаров атап өткендей тұқым дайындау мәселесінің де маңызы зор. Қазіргі таңда 2,5 млн тонна тұқым құйылған. Бұл тұқымдық материалға деген толық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні 1 млн тонна тұқым тексеріліп, кондицияға 95 пайызға сәйкес келетіні анықталған.

«Облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,3 млрд теңге қарастырылған. Қосымша республикалық бюджет қаражатынан шамамен 29,4 мың тонна тұқым және 838,7 мың дана элиталық көшет сатып алуға 2,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, жоғары өнімді алу үшін тыңайтқыштарды қолдану маңызды рөл атқарады», - дейді вице-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT