Биыл Эгей теңізінде 16 мыңға жуық заңсыз мигрант құтқарылды

None
АНКАРА. Анадолы- ҚазАқпарат - Түркияның жағалау күзетінің кемелері Грециядан күштеп шығарылған мигранттар мен босқындарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия жағалау күзеті жыл басынан бері 16 мыңға жуық заңсыз мигрантты құтқарды. Грек тарапынан тоналған мигранттар кейде ашық теңізде құтқару кеудешелерінсіз қалады, олардың жалғыз үміті түрік жағалау күзетінде.

Агенттіктің хабарлауынша, Түркия жағалау күзеті бөлімшелері 2022 жылдың 1 қаңтары мен 30 қыркүйегі аралығында Чанаккале, Балыкесир, Измир, Айдын және Мугла провинцияларының жағалауларында 15 932 заңсыз мигрантты құтқарған.

Бұдан өзге кемелерінің қозғалтқышы істен шығып, суға кеткен 1794 заңсыз мигрант жағаға шығарылды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 9 айында 18 заңсыз мигранттың мәйіті табылып, мигранттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан 98 адам ұсталды.


Соңғы жаңалықтар