Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Биыл ЕАЭО жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,1 пайыз болуы мүмкін – Әлихан Смайылов

2022 жылғы 25 ақпан 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ЕАЭО жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,1 пайыз болады деп күтілуде. Бұл туралы елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше шағын құрамда экономикалық интеграцияны ары қарай дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселені тыңғылықты талқыладық. Әр ел ұлттық мүдде мен ұлттық нарықты қорғауға ұмтылатыны анық. Ұлттық мүдде мен интеграциялық процестер арасында оңтайлы теңгерімді табу, болашаққа біздің стратегиялық көзқарасты айқындау маңызды. Әсіресе, экономиканың құбылмалы жағдайында ерекше ескерілуі керек», - деді Ә. Смайылов.

Осы орайда Үкімет басшысы ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикалары өткен жылы айтарлықтай белсенді деңгейде қалпына келгенін және пандемияға дейінгі көрсеткіштерге жеткенін атап өтті.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО жалпы ішкі өнімі 4,5 пайызды құрады. Сонымен қатар сарапшылар 2022 жылы әлемдік экономика өсімі баяулайтынын атап өтуде. Биыл ЕАЭО жалпы ішкі өнімі өсімі 3,1 пайыз болады деп күтілуде», - деді Әлихан Смайылов.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар