Биыл Целиноград ауданында 6 әлеуметтік нысан мен 2 тұрғын үй пайдалануға беріледі

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Биылдың соңына дейін Целиноград ауданында 6 әлеуметтік нысан және 2 тұрғын үй тапсырылады. Бұл туралы облыс әкімі С.Кулагиннің өңірге кезекті жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Облыс әкімі Сергей Кулагин өңірге сапары барысында 96-шы разъезд, Талапкер, Қажымұқан, Қосшы, Қараөткел және Ақмол елді мекендерінде болып, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды аралап көрді.

Сондай-ақ, өңір басшысы 96-шы разъезде жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектеп пен 140 бүлдіршінге арналған балабақша құрылысымен танысты. Әсіресе, С.Кулагин Талапкер, Қажымұқан, Қосшы, Қараөткел елді мекендерінде салынып жатқан білім ордалары мен балабақшалардың Астана қаласы маңына сай деңгейде абаттандырылып, көгалдандырылуын назарға алу қажеттігін атап өтті.

Ал, Ақмол селосында аудан активімен өткен кездесуінде аудан әкімі Бақберген Мәуленовке біраз сын ескертпелер айтып, елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік, көліктік және коммуналдық инфрақұрылымдарды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар