+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Биыл бюджетке 6 трлн теңгеден астам салық түсті

2019 жылғы 30 қазан 09:56
Бөлісіңіз:
Биыл бюджетке 6 трлн теңгеден астам салық түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,0% - ға, республикалық бюджетке 100,5% - ға және жергілікті бюджеттерге 106,3% - ға орындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз Ақмола облысында салық бойынша қарызы көп 100 адамның тізімі жарияланды Салық рақымшылығы: 4 млн теңге айыппұл есептен шығарылды

Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен мемлекеттік кірістер органдарының алқа отырысы өтті.

«Мемлекеттік бюджетке 6 301,2 млрд теңге жоспар кезінде 125,3 млрд теңгеге асыра орындала отырып, іс жүзінде 6 426,5 млрд теңге түсті, оның ішінде: республикалық бюджетке жоспардағы 4 675,1 млрд.теңге болғанда 22,3 млрд.теңгеге асыра орындала отырып, 4 697,5 млрд теңге түсті; жергілікті бюджетке 1 626,0 млрд теңге жоспармен 103,0 млрд теңгеге асыра орындалып, 1 729,0 млрд теңге түсті», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 9 айында камералдық бақылау нәтижелері бойынша 94 млрд теңге өндірілді.

Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексеру бойынша анықталған бұзушылықтар саны 8,8 мың адамды құраған.

«Халықаралық валюта қорының салық сарапшылары өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша, салық және кедендік бақылауды жүргізу үшін мінез-құлық факторлары негізінде салық төлеушілерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару әдістерін белсенді қолданатын ретінде МКК бақылау функцияларына баға берді.Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бақылау нәтижесінде бюджетке 165 млрд теңге сомасында түсімдер қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 59 млрд теңгеге немесе 55,2% - ға артық», - дейді баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT