Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия тағайындалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясының аясында магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша 555 стипендия бекітілген. Бұл туралы ҚазАқпарат орталықтың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімінің және бағдарлама аясында шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесінің жобалары талқылануда.

2019 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және осы конкурсты өткізудің алдын ала мерзімдері белгіленген:

  • құжаттарды қабылдау - 2019 жылғы 18 ақпан мен 31 тамыз аралығы;
  • конкурсты өткізу - 2019 жылғы 01 наурыз бен 29 қараша аралығы;

2019 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясының аясында магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша білім алу үшін және тағылымдамадан өту үшін 555 стипендия бекітілген.

Соңғы жаңалықтар