Биыл бірінші тоқсанда бюджет кірісі 3 трлн теңгеге жуықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірісі 2,9 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 10,3 пайызға артты. Бұль туралы Finprom.kz сарапшылары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 2018 жылдың осы кезеңінде мембюджеттің табысы 2,7 трлн теңгені құрады.

«Мемлекеттік бюджет кірістері құрылымында оның негізгі үлесін салық түсімдері қамтып, 70,6 пайыз болды. Бір жыл бұрын салықтың үлесі 67,3 пайыз деңгейінде қалыптасқан еді. Екінші орын трансферттер түсіміне тиесілі, яғни 790 млрд теңге немесе кірістердің жалпы сомасынан 27 пайызы. Бұл бағытта бір жыл ішінде 0,6 пайыз көлемінде біршама төмендеу байқалды. Салықтық емес кірістер және негізгі капиталды сатудан болған табыстар сәйкесінше 46,5 млрд және 23,7 млрд теңгені құрады. Олардың жиынтық үлесі 2,4 пайыз болды», - деді сарапшылар.

Биылғы үш айда мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 2,1 трлн теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңнен (1,8 трлн теңге) 15,7 пайызға артық болды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар