Биыл бес өңірде пайдалануға берілген баспана көлемі азайған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің өсімі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың 10 айында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 930,4 мың шаршы метрді құраған.

Оның 90,6 пайызы – тұрғын үйлер.

2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 1,1% ұлғайып, 11 724,8 мың шаршы метр болды.

Оның ішінде:

6 355,8 мың шаршы метр – көппәтерлі үйлер

5 310,9 мың шаршы метр – жеке үйлер

52 499 шаршы метр – жатақханалар.

Тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі республиканың он бес өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр (43%).

Одан кейін Ақмола (11,8%), Алматы (10,9%), Шығыс Қазақстан облыстары (8,4%) және Шымкент (26,2%) пен Алматы (8,6%-ға) қалалары.

Бұл ретте берілген тұрғын үйлердің азаюы Ұлытау (39,6% ), Абай (11%), Маңғыстау (15,7%), Атырау (11,3%) облыстарында және Астана қаласында (13,4%) байқалды.


Соңғы жаңалықтар