Биыл бензин, дизельді отын толығымен елімізде өндіріледі - Бозымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ағымдағы жылы ішкі нарықты 100 проценке отандық мұнай өнімдерімен толтыруға уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықты отандық бензинмен қамтамасыз ету деңгейі 93,2 процентті құрады. Дизельді отын - 91,5 процент, ал өзімізде шығарылатын әуе керосині 62 процентке жетті. «Биыл бинзин, дизельді отын мен әуе керосині 100 процентке өзімізде шығарылады. Енді, қысқы дизельді отын бойынша біршама ауытқулар болады. Себебі қатты аяздарда аталған өнім Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Ал бензиннің көлемі артығымен өндіріледі деген болжам бар. Жалпы, биыл 12,2 миллион тонна мұнай өнімдерін шығаруды жоспарлап отырмыз. Ол өткен жылмен салыстырғанда 5 процентке артық», - деді Қ.Бозымбаев қоғамдық кеңестің отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста министр отандық бензинді көрші мемлекеттерге экспорттауды бастайтынын айтты. «Биыл біз өзіміздің мұнай өнімдерін көршілерге тасымалдауды бастаймыз. Бүгін Алматыда қырғыз әріптестерімізбен арадағы келіссөз аяқталады. Келесі аптада Сенатта Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімді ратификациялау мәселесі қаралады. Бұған дейінгі құжатта өз елімізден мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған болатын. Ал жаңа келісім ол шектеуді алып тастап, экпортымызға жол ашатын болады. Сондықтан, шамамен наурыз айында, осы тоқсанның аяқ жағына қарай біз экспортты бастайтын шығармыз», - деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар