Биыл Байқоңырдан 11 зымыран тасығышы ұшырылмақ

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағында алдағы ұшырылымдарға дайындық бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылға бекітілген ұшыру жоспарына сәйкес келесі ұшырылым 30 маусымға жоспарланған. Бұл күні «Прогресс МС-17» ғарыш жүк көлігін орбитаға шығаратын «Союз 2.1 а» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған.

Жаздың соңына дейін тағы үш ұшырылым жоспарланған. 15 шілдеде Халықаралық ғарыш станциясына арналған «Ғылым» зертханалық модулімен «Протон-М» зымыран тасығышы, 2 тамызда «Фрегат-М» үдемелі блогы бар «Союз-2-1Б»зымыранында OneWeb 34 спутнигі, 26 тамызда «Союз-2-1Б/Фрегат-М» зымыранында OneWeb 34 спутнигі ұшырылуы керек.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ең көп ұшырылым 2021 жылдың күзіне жоспарланған. Тамыз-қыркүйек айларына биыл осымен екінші рет «Экспресс-АМУ3, Экспресс-АМУ7» ғарыш аппараттарымен «Протон-М»зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр.

18 қыркүйекте бортында OneWeb 34 спутнигі бар «Союз-2-1Б» зымыраны ұшырылады.

5 қазанда «Союз МС-19» басқарылатын кемесі бар «Союз-2» зымыран тасығышының ұшырылымы өтеді. 28 қазанда «Прогресс МС-18» көліктік жүк кемесімен «Союз-2.1 а» зымыраны ұшырылады.

24 қарашада «Союз – 2-1-Б» зымыранының көмегімен тағы бір ғарыш кемесін – «Прогресс М-УМ-ды» ұшыру жоспарлануда.

8 желтоқсанда бортында ғарыштық туристері бар «Союз МС-20» басқарылатын кемесімен «Союз-2» зымыраны ұшырылмақ.

23 желтоқсанда Байқоңырдан «Фрегат-М» үдемелі блогы бар «Союз-2-1Б» зымыран-тасығышымен OneWeb 34 спутнигі ұшырылады.

Ұшырылымдар жоспары ай сайын нақтылануы мүмкін.


Автор: Сара Қабиқызы


Соңғы жаңалықтар