Биыл баспана кезегіндегі 8 мың азаматқа жеңілдетілген заем беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл баспана кезегіндегі 8,8 мың азаматқа жеңілдетілген заем беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2020 жылы елімізде 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мыңнан астам тұрғын-жай пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 2019 жылмен салыстырғанда өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекет қаражатының 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестиция тартылды. 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік баспана және 10,4 мың жеңілдетілген заем берілді», - деді ол.
Оның айтуынша, биыл жалпы алғанда қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл 163 мың баспананы құрайды.
«Мемлекеттік инвестиция есебінен кезекте тұрған 31,3 мың адамға қолдау көрсетіледі. 22,5 мың әлеуметтік баспана салынып, сатып алынады және кезекте тұрған азаматтарға 8,8 мың жеңілдетілген заем беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов.
- Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
- Ақмола облысында бірқатар жол бөлігі ашылды
- Қазақстанның 7 облысында көлік қозғалысы шектелді
- Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды
-
Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19-ға қатысты бірлескен шараларды талқылады
-
Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Ташкентке келді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам