Биыл Балқаш қаласында 10 мектеп жөнделеді

Фото: None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Маусым айынан бастап Балқашта 10 мектепте жөндеу жұмыстарына кірісті. Екі оқу орнында күрделі жөндеу жасалатын болса, қалғанында шатыр, қасбет және құбырлар ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Сәкен Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы күрделі жөндеуден өтеді.

Қалғандарында желілер, шатыр, қасбет қалыпқа келеді.

Сонымен қатар № 8, 1 орта мектептерінде қоршау жөнделеді.

Әл-Фараби атындағы № 16 мектеп пен Абай атындағы № 2 мектеп-лицейдің шатыры ретке келеді. Соңғысында сонымен қатар қасбет жаңартылады.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға арналған мектеп-интернатта 1-қабат жөнделеді.

М. Русаков атындағы мектеп-интернаттағы асхана жаңартылады.

№ 4 орта мектепте суық және ыстық сумен жабдықтау, ал үшінші мектепте жылыту жүйесі жөнделеді. Ы. Алтынсарин атындағы № 25 мектепте электр желілері жөнделеді.

«Қазіргі уақытта барлық шарттар жасалды. Жұмыс кестесі дайын. Жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталуы тиіс», – дейді Балқаш қаласы білім бөлімінің бас бухгалтері Ольга Бубнова.


Соңғы жаңалықтар