Биыл бағдарлама аясында Қостанай облысында 246 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысында бағдарлама аясында 171 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлім етті.

«Құрылыс-монтаждық жұмыстарының көлемдері 4,4 пайызға ұлғайды. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында 171 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы осы кезеңге қарағанда 14 пайызға артық», - деді әкім.

Белгілі болғандай, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында биыл 5 079 млн. теңге қарастырылған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 246 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ағымдағы жылғы тоғыз айында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қаржыландыруға 2 513,6 млн. теңге бағытталды.

Соңғы жаңалықтар