Биыл Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 400 мың тонна өнім экспорттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 400 мың тонна дәнді және майлы дақыл экспорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 11 айы ішінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ таяу және алыс шет мемлекеттерге 401,6 мың тонна майлы және дәнді дақыл экспорттады», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өкілдері нақтылағандай, Күнгей Кавказ елдеріне 145,1 мың тонна астық; Орта Азияға  126,4 мың тонна астық; Иранға 110,6 мың тонна арпа; Кытайға 19 мың тонна астық және 417,2 тонна күнбағыс майы жеткізілді.

2017 жылы компания 120 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақыл экспорттады.  

Ұлттық компания өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, биыл экспорт көлемі маусым аралық кезеңде  интервенциялық қордан астықтың сатылуына және  бидайдың Түркіменстанға және Күнгей Кавказ елдеріне жеткізілуі қайта жандануына байланысты ұлғайды.

«Ақ Бидай - Терминалы» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) биылғы  11 ай ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша Ақтау қаласындағы порттың астық терминалы арқылы 712,9 мың тонна астық тасымалданған. 2017 жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіш  бойынша 400 мың тонна астық экспортталды.

«Биылғы жылы көрсеткіш дәнді дақыл экспортының артуына байланысты ұлғайды. Астықты тасымалдауда Каспий өңіріндегі негізгі бағыт - Иран Ислам Республикасы», - деп атап өтті Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өкілдері.

Сонымен бірге, жоғары көрсеткіштерге жағымды табиғи-климаттық жағдайлар (желдің және жауын-шашынның болмауы), Ақтау қаласының теңіз портындағы бос сыйымдылықтардың болуы және астық тасымалдайтын вагондарды орналастыратын қосымша орындар есебінен қол жеткізілді. 

«Астық қоймалары» астық базалары («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) 300 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақыл қабылдады. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында жергілікті астық базаларында 311,2 мың тонна астық және майлы дақыл қабылданды: 304,4 мың тонна астық және 6,8 мың тонна майлы дақыл. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімінде 330 мың тонна астықты құрады.

Атап өткен жөн, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экспортты дамытуға жәрдемдесу. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар