Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20% - ға арттыру басталды. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т. б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады.


Соңғы жаңалықтар