Биыл азаматтық қорғаныс органдарына 353 техника сатып алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл азаматтық қорғаныс органдарының бөлімшелерін жарақтандыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен 353 техника сатып алынды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл азаматтық қорғаныс органдарының бөлімшелерін жарақтандыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен 353 техника алынды. Мұндай жайт егемен мемлекеттің тарихында бірде-бір рет болған емес. Сонымен қатар 10 мыңнан астам түрлі құрал-жабдық жиынтықтары түсті. Егер дәл осы қарқынмен жабдықтай берсек, таяу уақытта бөлімшелердің жарақтандырылуы жақсы көрсеткішке қол жеткізетін болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Төтенше жағдайлар комитетіне жергілікті атқарушы органдар жан-жақты көмек көрсетіп отыр. Мәселен, республикалық бюджет есебінен 113 техника, бұған қоса үнемделген қаражат есебінен 54 техника сатып алынған. Ал жергілікті атқарушы органдар есебінен 195 техника сатып алынып отыр.

«Техникалар бүкіл өңірге бөлінді. Бізге әлі де көп техника керек. Бірақ, Үкіметтің шешімі мен Мемлекет басшысының қолдауының арқасында азаматтық қорғаныс органдарына үлкен назар аударылып отыр. Бүгінгі күні жарақтандырылу норманың 38-40 пайызын құрайды. 2020 жылы жол картасын орындаудың нәтижесінде жарақтандыру деңгейін 55-58 пайызға жеткіземіз деп ойлаймыз. Әлі де көп қажеттілік бар. Айталық, осы жылы 70 өрт сөндіру автоцистернасын сатып алдық. Ал қажеттілік - 650. Бірақ ең бастысы процесс басталды», - деді В.Беккер.

Соңғы жаңалықтар