Биыл «Айбын» жиыны онлайн форматта өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Қарулы Күштері Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев «Айбын» жиыны биыл қалай өтетінін түсіндірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтырғы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайдағы тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Айбын» жетінші республикалық әскери-патриоттық жиынын онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылдадық. Басқа да ерекшеліктері бар. Біріншіден, жиынға қатысушылар саны екі есе көбейтілді. Өткен жылдары қатысушылар саны 300-ден 500-ге дейін өссе, биыл олардың саны 1110 адамға жетті. Еліміздің барлық өңірлерінен 74 команда қатысады», - деді департамент бастығы.

Оның сөзінше, онлайн-жиындағы жеке сайыстарға қатысушы командалардан басқа «Айбын» мобильді қосымшасында тіркелген және конкурс пен жарыс шарттарын орындаған 14-18 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

«Жиынның бағдарламасына екі жаңа сайыс қосылды. Атап айтқанда, «Жас сарбаз жас тілшісі» жас тілшілер сайысы мен тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан онлайн-турнирі. Үшіншіден, алты жыл ішінде алғаш рет тұрақты негізде «Жас сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады. Бұл әскерге шақырылуға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу үшін құрылған жұмыс алаңы. Бұл орталықта «Айбын» жиынының фронт-офисі, брифинг залы және «Жас сарбаз медиа» студиясы орналастырылады», - деді Серік Борамбаев.


Соңғы жаңалықтар