Биыл «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн режимде өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері жастардың әскери патриоттық тәрбиесі үшін 1785 іс-шара өткізіліп, оған 200 мыңнан астам адам қатысты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Айбын-VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны «Жас сарбаз» патриоттық қозғалысы шеңберінде өткізіледі. Ол Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Жиынның мақсаты - Қазақстан Республикасында әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын жетілдіру. Қазіргі уақытта «Жас сарбаз» қозғалысының филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде бар. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері біздің қызметтің маңызды басымдықтарының бірі. Әскери патриоттық клубтарды, «Жас сарбаз» сыныптарын, «Смарт сарбаз» үйірмелерін ашу бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл 25 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 5700 әскери патриоттық ұйым бар, онда 200 мың жасөспірім мен қыз бала қамтылған», - дейді ҚР Қарулы күштер бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Ермиян Бятов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жастарға әскери патриоттық тәрбие беру бойынша 1785 іс-шара өткізіліп, оған 200 мыңнан астам адам қатысқан.

«Осы жылы елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты және қазіргі заманда еліміздің жас ұрпағын әскери патриоттық тәрбиелеуде жаңа көзқарасты талап етуге байланысты Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың қолдауымен жиынды онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылданды. Жазғы демалыс кезеңінде біз бұл бағыттағы іс-шараға балалардың барынша көп қатысқанан қалаймыз. Онлайн жиынның конкурстары мен жарыстары бойынша ережесі Қорғаныс министрлігінің сайтында орналастырылатын болады. Бұл балаларға «Айбын» жиынына сапалы дайындалуға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар