+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылды

2020 жылғы 3 маусым 11:33
Бөлісіңіз:
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АШМ жер қатынастары саласын цифрландыру жөніндегі заң жобасын Мәжіліске енгізбек Ауыл шаруашылығы министрлігінде Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитеті құрылмақ Сапархан Омаров азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін атқарылатын шараларды атады

«Коронавирус пандемиясына байланысты ағымдағы жағдай азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері басты мәселелердің бірі болғанын көрсетті. Биыл қазақстандық ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артқанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылып, 22,5 млн гектарға дейін жеткізілді», - деді ол.

Бұл ретте министр егіс алаңдарының құрылымында мынадай рентабельділігі жоғары дақылдардың: майлы дақылдардың 122,2 мың гектарға, азықтық дақылдардың 308,6 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдарының 11,5 мың гектарға жеткізу), сондай-ақ жоғары сұранысқа ие қарақұмықтың 30,9 мың гектарға өсімі қамтамасыз етілгенін айтты.

«Жалпы жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемін 3,1 трлн теңгеге, яғни жоспарланған индикаторларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Сапархан Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT