Биыл әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуе тасымалдарының ішкі нарығы толығымен реттелген. Яғни, кез келген қазақстандық әуе компаниясы қолда бар сұранысқа сәйкес кез келген ішкі маршруттар бойынша ұшуларды шектеусіз орындай алады. Қазіргі уақытта ішкі әуе тасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады. Аптасына 56 ішкі авиамаршрут бойынша 706 рейс орындалады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ұшу қолжетімділігін жақсарту және ішкі туризмді дамыту мақсатында әуе маршруттарын субсидиялау қолданылады.

«Осы жылы 7 облыста 23 әуе маршрутын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Ішкі туристік бағыттарға басымдық беріледі», - деді Марат Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар