USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Биыл Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

2021 жылғы 18 қаңтар 21:33
Бөлісіңіз:
Биыл Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қаражалда 12 медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды СҚО-да көпқабатты тұрғын үйлердің 69 пайызы басқарудың жаңа түріне көшті Сапасыз үй салғандар заң алдында жауап беруі керек - Даниал Ахметов

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреевтің мәліметінше, жаңа пәтерлер Атырау қаласындағы «Береке» шағынауданында салынып жатқан 9 көпқабатты үйден беріледі.

Жаңа тұрғын үйлерді көктемде пайдалануға тапсыру көзделіп отыр.

«Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы - 47 530 шаршы метр. Қазір «Запад строй ЕРС» ЖШС тұрғын үй құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда», - дейді Мерей Жантөреев.

Оның айтуынша, келісімшартқа сәйкес «Запад строй ЕРС» ЖШС көпқабатты үйлерді биылғы маусымға дейін пайдалануға береді.

Содан кейінгі 5 жылда тұрғын үйге қызмет көрсетуге міндеттеме қабылдаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 150-дей атыраулық отбасы баспаналы болған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT