+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Биыл Атырауда 5 жұмысшы мерт болып, 7-еуі ауыр жарақат алған

2020 жылғы 27 қыркүйек 17:18
Бөлісіңіз:
Биыл Атырауда 5 жұмысшы мерт болып, 7-еуі ауыр жарақат алған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында жыл басынан бері 5 жұмысшы қаза тауып, 7-еуі ауыр жарақат алған , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Арал маңында елсіз далада адасқан аңшы үш күннен соң табылды Көкшетау тұрғыны банкоматта біреудің 500 мың теңгесін иемденіп кеткен АҚШ-та дауыл салдарынан 300 мыңға жуық адам жарықсыз қалды

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметінше, жыл басынан бері азаматтардан 762 шағым түскен. Оның 726-сы қаралып, 313 азаматтың еңбек құқығы қорғалған.

«Еңбек инспекторларының жұмыс берушілермен ынтымақтаса әрекет етуінің нәтижесінде 27 жұмысшының 3,2 млн теңге жалақысы өндіріліп, жұмыскерлермен еңбек шарттары

жасақталды. Ал, шағымдар негізінде, сондай-ақ, жоспарлы түрде 80 тексеру жүргізілді.

Соның нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 135 дерегі анықталды. Аталған

заңсыздықтарды жою үшін 67 ұйғарым енгізіліп, 39 әкімшілік хаттама толтырылды. Заң талабын бұзушыларға 14,2 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұлдың 4,9 млн теңгесі өндірілді» -деді Игілік Әубәкіров.

Оның айтуынша, өндірістік жұмыстың жеткіліксіз ұйымдастырылуы, жарамсыз көліктер мен қондырғылардың пайдаланылуы мен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан жұмыс

орындарында жазатайым оқиғалар орын алған.

«Жыл басынан бері осындай жағдайлардың салдарынан 5 жұмысшы қаза болды. Ал, 7 жұмысшы ауыр дене жарақатын алды. Осы дерекке қатысты арнайы тергеу құжаттары құқық қорғау органдарына жолданды. Демалыс күндері жасаған жұмыстары үшін

еңбекақы төлемеген бірқатар мекеме анықталды», -деді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 8 айда жол апатынан 39 адам мерт болған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT