Биыл Атырау облысында 16 автокөлік өртенген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Жыл басынан бері Атырау облысында 16 автокөліктің өртену дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, соңғы кезде автокөліктер жиі өртенетін болған. Мәселен, биыл 16 авкөліктің өртенген оқиғасы тіркелді. Өрттің шығу себебі қозғалтқыш пен басқару панеліндегі электр желісінің қысқа тұйықталуынан болып отыр.

«Атырау облысында 2018 жылы 76 автокөлік өртенген еді. Ал, былтыр осындай 84 оқиға тіркелді. Биыл 16 оқиға тіркеліп, оның ішінде соңғы екі аптада 9 автокөлік өртенді» -деді Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұрлан Жаңабаев.

Соңғы жаңалықтар