Биыл Астананың 2 мың тұрғыны баспана сертификатын алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елордада әлеуметтік сала қызметкерлеріне 2 мың тұрғын үй сертификаты беріледі. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз бойынша жаңа үйлерді көп салып, пайдалануға беріп жатырмыз. Өткен жылы 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй, яғни 23 мың пәтер салынды. «Нұрлы жол» шеңберінде де барлық өңірлердің алдындамыз. 110 мың шаршы метр - бұл 1419 пәтер. Көпқабатты 15 үй салынып жатыр. Бұл, шамамен 4,5 мың пәтер, оның 3106-сы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі», - деді әкім.

Оның айтуынша, 228 апатты үй сүріліп, шамамен 3,5 мың отбасы жаңа пәтерге ие болды. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасады.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 1875 отбасы 27 млрд теңге кредит алады. Бағдарлама мұнан ары да қолжетімді бола түсуі үшін жаңа жылдың алдында білім, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаты түрінде 1 миллион теңгеден 100 субсидия бердік. Ағымдағы жылы тағы 2 мың сертификат беруді жоспарлап отырмыз», - деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар