+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Биыл астанада проблемалы екі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады

2020 жылғы 12 тамыз 16:01
Бөлісіңіз:
Биыл астанада проблемалы екі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов проблемалы деп танылған «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мырзатай Жолдасбеков «Күлтегін» ұлттық орталығын ашуды ұсынды Астанада көпқабатты үйлерге «ақылды» шлагбаумдар орнатылып жатыр

«Проблемалы деп танылған үйлерге барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау – құрылыстың нақты қандай қарқынмен жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Құрылысы ұзаққа созылған үйлерде жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр ғана болса, енді бірінде үйдің қаңқасы ғана болды. Кей ғимараттарда бөлшектеу жұмыстарын жүргізу немесе үй сызбасына өзгерістер енгізу қажет болды. Себебі, кей үйлерде 5 қабаттың орнына 9 қабат салынып, үлескерлерге сатылып кеткен.


Бүгін «Фемида» (Абат) және «Берекет» тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Бұған дейін аталған үйлердің үлескерлері бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын. Олардың басым бөлігі шешілді. Инженерлік желілерді қосамыз. Үйлерді жылыту маусымына дайындау қажет. Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлап отырмыз», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.


Қала әкімі атап өткендей, құрылысшыларға қойылатын басты талап-құрылыс жұмыстарын сапалы орындау. Сондай-ақ үй аумақтарын абаттандырумен айналысу қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT