Биыл Астанада кезекте тұрғандарға 677 жаңа пәтер беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанада баспана кезегінде тұрғандарға 677 жаңа пәтер беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді ҰОС мүгедек қатысушылары, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары алады», - делінген хабарламада.

Астана әкімдігі жүргізген құрылымдау шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үйдің функциясы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына берілді.

Аталмыш ведомствоның міндетін атқарушы Артем Әбілдиновтың айтуынша, қаладағы тұрғын үй ахуалының мониторингін жақсарту мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекеме - Астана әкімдігінің тұрғын үй қоры құрылды.

«Қор иесіз қалған үй-жайларды анықтаумен айналысады. Жалға берушілердің міндеттемелерін дұрыс орындауына мониторинг жасайды. Бұл - тұрғын үйдің жалға алудың төлемін жасау және тұрғын үй мақсатына сай пайдалануға қатысты. Сонымен қатар баспанаға мұқтаждар тізіміндегі тұрғындардың интериорлық тізімін жасайды, дайын пәтерлердің тұрғындар қоныстануына әзірлігін зерделейді», - деп түсіндірді А. Әбілдинов.   

Жылдың соңына дейін мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін жалпы алаңы 22,58 мың шаршы метр 364 пәтер, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ баспанасы» бағдарламасы бойынша 80 пәтер және кезектегілер үшін жалпы алаңы 38 мың шаршы метр 677 пәтер беріледі», - деп мәлімдеді А. Әбілдинов. 

Соңғы жаңалықтар