Биыл Астанада 9 мыңға жуық оқушы жаңа мектептің табалдырығын аттайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елордада 8 мектеп оқушылар игілігіне беріледі. Ал өткен жылы 4,4 мың орынға лайықталған 4 мектеп ашылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Астанада 8700 орынға арналған сегіз мектеп пен мектепке жапсарлас ғимараттың және бір колледждің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында ұлттық компаниялардың есебінен 480 орынға арналған екі балабақшаның, 720 орынға арналған тағы екі балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі оң шешімін тауып отыр. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 2016 жылы 70,6%, 2017 жылы 78% құраса, 2018 жылы ол 90% дейін өскен болатын. Бұл ретте жеке секторды тарту шаралары маңызды рөл атқарды. Ол қамтылған балалардың жалпы санының 30%-ын құрайды.

Соңғы жаңалықтар