Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Биыл астанада 600 мың түп ағаш егіледі

2022 жылғы 30 маусым 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елорда аумағында 600 мың түп ағаш егу жоспарланған. Оның 452 мыңы «жасыл белдеуде» өсірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің отырысында қаландағы жасыл желектер мен су жүйелерінің жағдайы, оларды паспорттау мен цифрландыру мәселесі талқыланды. Бұл бағытта атқарылған шаруаларды қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков баяндады.

«Бүгінгі таңда қалада 1 млн 400 мыңға жуық жасыл желек өскіні бар. «Жасыл белдеу» аумағында 14 млн жасыл желек бар. Биыл 600 мыңнан астам жасыл желек егуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде «жасыл белдеудің» құрамында 452 мың көшет отырғызу жоспарланған.

Көгалдандыру аясында Алматы ауданы 8 мыңға жуық, Байқоңыр ауданы 7 мыңға жуық, Сарыарқа ауданы 7 мыңға жуық, Есіл ауданы 23 500-ге жуық ағаш егілмек»,- деді басқарма өкілі.

Оның айтуынша, әзірге осы аталған жұмыстың тек 30 пайызы ғана іске асқан.

«Нысандар құрылысы шеңберінде Жол-көлік басқармасы 71 862 ағаш, Коммуналдық шаруашылық басқармасы 552 ағаш егеді. «Жасыл белдеуді» дамыту аясында «Астана орманы» ЖШС 451 518 ағаш егуді жоспарлап отыр. Саябақтар мен шағын гүлбақтар құрылысы аясында Қоршаған ортаны қорғау басқармасы 92 332 ағаш егуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда көктемгі кезеңде 186 мың ағаш отырғызылды. Яғни, жалпы жоспардың 30 пайызы орындалды.

Қалған жұмыстар күгі кезеңде жалғасады. Сондай-ақ, биыл қала аумағында 9 гүлзардың құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 5 гүлзарды аяқтап, тапсырдық»,- деді Айдын Бегімбеков.

Бұған дейін, қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева елорданың «жасыл белдеуіне» 4,5 млн ағаш отырғызу жоспарланғанын мәлім еткен болатын. https://www.kazinform.kz/kz/elordanyn-zhasyl-beldeuine-4-5-mln-agash-otyrgyzylady_a3894868


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар