+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Биыл Арыста 108 отбасы баспаналы болады

2020 жылғы 14 қыркүйек 09:15
Бөлісіңіз:
Биыл Арыста 108 отбасы баспаналы болады

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында биыл құрылысы жүріп жатқан 36 пәтерлі 3 көпқабатты тұрғын үй кезекте тіркеліп тұрған азаматтарға берілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда пәтер кезегінде тұрғандарға арналған үйлердің сапасы тексерілді Бақытжан Сағынтаев «Зерделі» ықшамауданындағы жағдайды өз бақылауына алды Арыстың зиялы қауымы Абайдың ауылына аттанды

Тұрғын үйді бөлу ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге кезек ретімен беріледі.

Жалпы биылғы жылы 108 пәтердің кілті табысталады.
Айта кетерлігі, Арыс қаласында келесі жылы 240 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй кезегіне электронды үкімет веб порталы арқылы өтінім беріледі. Өтінім беру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне барынша жол бермеу бойынша шаралар қабылданған. Кезекте тұрған азаматтардың тізіміне жыл сайын түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй бойынша тарихи деректемелерімен сәйкестендірілген.

Арыс қаласында қазіргі таңда жалпы саны 1699 азамат тұрғын үй кезегінде тіркеліп тұр. Оның ішінде: көпбалалы отбасы саны – 418, ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 157, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататындар – 743, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және сайланбалы қызмет атқаратын адамдар- 381.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT