Биыл Арал теңізінің құрғаған табанында 250 мың гектар жерге сексеуіл егіледі

None
None
АРАЛ. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, Арал теңізінің құрғаған табанындағы фитомелиорация жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдар аралығында Аралдың табанында 1,1 млн га аумақта ағаш отырғызу міндетін қойды.

Тапсырмаға сәйкес, Қызылорда облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, сонымен қатар орман мекемелерінің күшімен былтыр 100 мың га жерге сексеуіл көшеті отырғызылды.

Ал, 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын 250 мың га алаңда ағаш отырғызылмақ.

Айта кету керек, биылғы көктем мезгілінде көшеттеу арқылы 12 мың гектарға сексеуіл отырғызылды. Қалғаны күз айларында егіледі.

Вице-министр Арал теңізінің құрғаған табанын орманды аумаққа айналдыру жұмысының жоспарға сай жүріп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Аралдың экологиялық проблемаларын шешу жұмысына атсалысуға дайын екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар