+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Биыл АӨК-те 40 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

2021 жылғы 26 қаңтар 12:48
Бөлісіңіз:
Биыл АӨК-те 40 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы агроөнеркәсіп кешенінде жалпы сомасы 126 млрд теңге болатын 40 жоба іске асырылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Агроөнеркәсіп кешенінде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, астық, майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеуді қамтитын, жалпы сомасы 1 трлн 200млрд теңге болатын 7 ірі экожүйе құру бойынша белснеді жұмыс жүргізіледі. 2021 жылы жалпы сомасы 126 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жоба жүзеге асыру үшін іске қосылады», - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, биыл жүзеге асырылатын жобалардың қатарында ет, сүт өндіру және қайта өңдеу, астық және майлы дақылдарды терең өңдеу, сондай-ақ жеміс-жүйдек, көкөніс және қант өндіру бар.

«Субсидиялау жүйесі ашық әрі атаулы болып, қарсы міндеттемелерді қамтамасыз ету мониторингіленеді. Агроөнеркәсіп кешені саласының капитал қамтымдылығын арттыру бойынша жұмыстар аясында 2021 жылы ауыл шаруашылығы техникаларынсатып алу көлемі 6 пайызға, минералды тыңайтқыштар қолдану 10 пайызға, жоғары сапалы тұқым сатып алу 5 пайызға арттырылатын болады», - деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT