+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Биыл Алматының индустриалдық аймағында 6 өнеркәсіп паркі ашылады

2020 жылғы 5 маусым 22:32
Бөлісіңіз:
Биыл Алматының индустриалдық аймағында 6 өнеркәсіп паркі ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2020 жылы Алматының индустриалдық аймағында алты шағын өнеркәсіп паркі іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта құрылысшылар жобалық жұмыстарды аяқтап, учаскелердегі құрылыс-монтаж жұмысына кірісуді жоспарлап отыр. Өндірістік үй-жайдың жалпы ауданы - 28 мың шаршы метр. Онда құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында 70-ке жуық өндіріс орналасады. 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдікті шарттармен: девальвациялық тәуекелдерге қарамастан 5-7 жыл мерзімге бекітілген жалдау мөлшерлемесі бойынша беріледі. Жалға алу құны 1 шаршы метрге - 1000-1200 теңге. Сатып алу құны – 1 шаршы метрі 145 мың теңгеге дейін.

«Алматы қаласының индустриалдық аймағындағы шағын өнеркәсіп паркіне қатысуға 56 компания қызығушылық танытып отыр. Өнеркәсіптік парк жобаларын іске асырудың артықшылықтары көп. Мәселен, қалада бос тұрған өндірістік және әкімшілік үй-жай айналымға енгізіледі, іскерлік белсенділігі төмен аудандарда бизнес ашуға және дамытуға көмек көрсетіледі, 2-7% мөлшерінде қаржыландырудың жеңілдікті мөлшерлемелері бар» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Алматы қаласының Наурызбай ауданында екі өнеркәсіп паркі («БротМастер» ЖШС және «Ala Estate» ЖШС) және Түрксіб ауданында бір өнеркәсіп паркі («Samruk Group» ЖШС) жұмыс істейді. Онда жиһаз, галантерея, сусындар, кофе қуыру өндірісі бар. Бірқатар әлеуетті қатысушылармен келіссөз жүріп жатыр.

Алматы индустриалдық аймағы 2012 жылы құрылған. Жалпы аумағы - 490 га. Оның ішінде жобалар үшін 326 га бөлінді. 58 компания резидент, оның ішінде 18 компанияда шетелдіктердің үлесі бар. Олар 260 млрд теңге инвестиция салып, 8,5 мың жұмыс орны ашылады.

12 кәсіпорын пайдалануға берілген. Жалпы инвестиция сомасы - 68,8 млрд теңге. 1864 жұмыс орны ашылып, 1,9 млрд теңге салық төленді. 62,3 га аумақ игерілді.

2020 жылы құрылыс белсенді жүргізіліп жатқан 10 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Инвестицияның жалпы сомасы - 30,5 млрд теңге. 1 140 жұмыс орны ашылады. 2021 және одан кейінгі жылдары 159,5 млрд теңгеге 36 жобаны іске қосу жоспарда бар. Онда 5 450 жұмыс орны болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT