Биыл Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 242,1 млрд теңге бөлінді
2022 жылғы 29 маусым 12:31

Биыл Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 242,1 млрд теңге бөлінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Медициналық сақтандыру енгізілгеннен бері Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының бюджеті едәуір артты. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«МӘМС енгізілгеннен бері Алматы қаласының денсаулық сақтау бюджеті едәуір артты. 2022 жылға нақтыланған бюджет 242,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,3%-ға артық. Оның 135,1 млрд теңгесі – тегін медициналық көмек пакетіне, 107,0 млрд теңгесі – МӘМС пакетіне тиесілі», - дейді Тілеухан Әбілдаев.

Сонымен қатар, ол МӘМС жүйесі аясында реабилитациялық қызметтерге 3,4 млрд теңге жұмсалғанын айтты.

«Алматы қаласы бойынша 2020 жылы реабилитация қызметіне 4,2 млрд теңге, 2021 жылы – 6,3 млрд теңге жұмсалды, ал 2022 жылға – 7,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Жыл сайын реабилитациялық көмек көрсететін клиникалар саны да артып келеді. Мысалы, 2019 жылы Алматыда қормен 4 реабилитация орталығы жұмыс істеген болса, бүгінде олардың саны 114-ке жетті»,-деді ол.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT