Биыл Алматының 600 көшесіне жарық орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жылдың соңына дейін 601 көше жарықтандырылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындармен кездесу барысында Жетісу ауданындағы «Кемел» ықшамауданының тұрғыны жарықтандыру мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмысты сұрады.

«Жарықтандыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Бізде жарықтанбаған 600-дей көше қалды. Бірінші жарты жылдықтың соңына дейін бұл көшелерді жарықтандырамыз. Қаржы бөлінген, мердігерлер жұмысын атқаруда. Аудан әкімдері де қадағалап отыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

2020 жылы қала шетіндегі 1 423 көше (Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб) жарықтандырылды.

Қалған 601 көшені 2021 жылдың соңына дейін жарықтандыру жоспарланған.

Сыртқы жарық желілерін модернизациялау қолданыстағы энергияны тұтынатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (натрий) шамдарын энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдармен ауыстыруды қамтиды.

Осының арқасында электр энергиясы 15% үнемделеді.

Электр энергиясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз үшін жерасты кабелі тартылады.

«Ауланы жарықтандыруға қатысты айтар болсақ, қазіргі кезде жауапты басқарма жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде, оның аясында жарықтандырылмаған аулалар есепке алынады. Қазіргі кезде жоба сараптамадан өтіп жатыр»,-деді қала басшысы.


Соңғы жаңалықтар