Биыл алматылықтардың орташа жалақысы 16,5 мың теңгеге артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес жалпы өңірлік өнімнің 25 пайызын қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Биыл алматылықтардың орташа жалақысы 16,5 мың теңгеге артып, 155 мың теңгені құрады. 22 мың 600 жаңа жұмыс орындары құрылды. Атап айтқанда, барлық салалар бойынша тұрақты өсім байқалуда»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, қала экономикасының негізі ретінде шағын және орта бизнес қамтамасыз етеді. Бұл сала жалпы өңірлік өнімнің 25 пайызын және барлық салықтық түсімдердің 68 пайызын қамтиды.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, Алматы сауда көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Қалада бөлшек сауда айналымы 2008-2013 жылдар аралығында 1,4 есеге өсіп, 1407,5 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда айналымы 4 есеге артып, 7020,2 млрд. теңгені қамтыды. Осы ретте Алматының республикалық тауар айналымындағы жалпы үлесі 30 пайыздан 40 пайызға өсті.

Жыл басынан бері бөлшек сауда айналымы 9,9 пайызға артты және 1 435,5 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда айналымы тиісінше 7,7 пайыз болып, 6 424,5 млрд. теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар